Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

312

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді.

«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.