Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
314
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді.«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.
7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», делінген хабарламада.
Қаз
Рус






