Украинада Зеленскийді өлтірмекші болған Қадыров полкі жойылды
350
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов президент Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған Қадыровшылардың жойылғандығын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
UNIAN хабарлауынша, бұл телемарафон кезінде айтылған.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының айтуынша, Қадыровшылар екі топқа бөлінген.
UNIAN хабарлауынша, бұл телемарафон кезінде айтылған.
«Бүгін бізде президентімізді өлтірмекші болған Қадыровшылар тікелей жүргізетін арнайы операция толық белгілі. Ал бүгінде бұл қанды соғысқа қатысуға құлқы жоқ ФСБ өкілдерінен ақпарат алдық деп айта аламын. Осының арқасында президентімізді өлтірмекші болған Қадыровтың элиталық тобы жойылды деп айта аламын» деді Данилов.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының айтуынша, Қадыровшылар екі топқа бөлінген.
«Біз оларды қадағаладық. Бір топ Гостомельде талқандалды, енді бірі оқ астында қалды» деді Данилов.