Дженнифер Лопестің концертіне билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды

2 283

Фото: threads.com/@zarina.utenovaАлматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне алыпсатарлардан билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде концертке билет алып, бірақ орталық стадионға кіре алмаған қазақстандықтардың жазбалары пайда болды. Барлығының шағымы бір: қолында билет болса да, есіктегі тексерушілер бұл билеттердің қолданылғанын, оған дейін дәл сол билетпен басқа келуші кіріп кеткенін айтқан. 

“Алыпсатарлардан JLO-ның концертіне 2 билет сатып алдық. Сағат 16:00 келіп алып, кіргізу басталғанын күтіп тұрдық. Бірақ кірерде біздің билеттердің қолданылғанын, басқа келушілердің кіріп кеткенін білдік. Жанымда 200 мың теңгеге билет алып, кіре алмаған тағы 3 әйел тұрды. Олардың билеттері де қолданылған болып шықты”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Билетті сатқан алыпсатарлар “бірінші есікке барыңыз, тыныш өтіңіздер”, “бірінші күзетші қаталдау” деген секілді сылтаулар айтқан. Алайда келушілер бәрібір концертке кіре алмапты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.