Украинада Зеленскийді өлтірмекші болған Қадыров полкі жойылды

353

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов президент Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған Қадыровшылардың жойылғандығын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

UNIAN хабарлауынша, бұл телемарафон кезінде айтылған.

«Бүгін бізде президентімізді өлтірмекші болған Қадыровшылар тікелей жүргізетін арнайы операция толық белгілі. Ал бүгінде бұл қанды соғысқа қатысуға құлқы жоқ ФСБ өкілдерінен ақпарат алдық деп айта аламын. Осының арқасында президентімізді өлтірмекші болған Қадыровтың элиталық тобы жойылды деп айта аламын» деді Данилов.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының айтуынша, Қадыровшылар екі топқа бөлінген.

«Біз оларды қадағаладық. Бір топ Гостомельде талқандалды, енді бірі оқ астында қалды» деді Данилов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.