Ер адамның мәйіті пәтерде үш апта жатқан

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzАтырау қаласындағы Береке шағынауданында №24 үйден ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайьына сілтеме жасап.

Тұрғындар мәйіт пәтерде шамамен 21 күндей жатып қалғанын айтады. Ал оның қайтыс болғанын марқұмды туысы іздеп келгенде білген. 

Көршілердің айтуынша, сол уақытта подъезді өлексенің иісі алып кетті, жағымыз әлі күнге дейін бар. Мәйіт табылғаннан кейін тұрғындар подъезді өздері тазалауға тырысқан. Бірақ мұнысынан түк шықпады.

“Иіс бүкіл подъезге тарады. Біз өз қаражатымызға адамдар жалдап, тазалаттық, хлоркамен, “белизнамен”, қолдан келгенше бәрімен жудық. Бірақ иіс бәрібір қалды. Біз маман емеспіз, мұны қалай дұрыс жасау керегін білмейміз”, — дейді көршілердің бірі.

Тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер немесе арнайы ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция да жүргізілмеген.

Осыған байланысты тұрғындар мұндай жағдайлардан кейін подъезд бен пәтерді санитарлық өңдеуге кім жауапты екенін анықтай алмай әлек. Пәтер иелерінің кооперативі ме, пәтер иелерінің бірлестігі ме, санитарлық қызметтер ме әлде басқа уәкілетті органдар ма?

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.