Жанармай құю станциясында жарылыс болды
1 678
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбе облысында Ойыл ауылының шетіндегі газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жанармай құю бекетінің өртеніп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында бірнеше топ жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
“Ойыл ауылының шетінде газ баллоны жарылып, артынша жанармай құю бекеті өртеніп, ол жақын маңдағы қосалқы ғимаратқа ұласқан. Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында. Өртті сөндіру жалғасып жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД.
Қаз
Рус






