Домбыраны харам деген ер адамға іс қозғалды

1 514

Фото: ©Baq.kz архивіЕр адам әлеуметтік желілерде діни негіздегіараздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ақтөбелік ер адамның ұлттық аспаптың бірі домбыраны харам деген видеосы тарады.  

Ханафи масхабында шиіттік аспаптар, гитара, домбыра, балалайка харам болып есептеледі, - дейді ер адам. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты тудыру заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында домбыра харам емес екенін айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.