Сержант насыбай үшін сарбазды саңырау қылған

1 389

Фото: пресс-служба Нацгвардии: UGCАқтөбеде сержант мерзімді әскери қызметкерді есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға былтыр жазда Ақтөбе облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Мәліметтерге сүйенсек, сержант сарбаздың насыбай атып жатқанын байқап, оны “тәрбиелемекші” болыпты. Ол сарбазды әртүрлі дене жаттығуларын орындауға мәжбүрлеп, кейін куәгерлердің көзінше сарбаздың бетінен кітаппен ұрған.

Сержанттың соққысынан сарбаз есту қабілетінен айырылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, оның сол жақ құлақ қалқаны жарылғаны, бұл жарақаттың есту қабілетін толық жоғалтқаны анықталды. 

Осы жағдайға байланысты Ақтөбе гарнизондық соты 22 жастағы сержантқа сарбаздың денсаулығына орташа деңгейде зиян келтіргені үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.