Туыстарының екі баласына зәбір көрсеткен ер адам сотталды

1 503

Фото: ©freepikШымкентте ер адам кәмелетке толмаған екі баланы зорлады деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында Human Rights Lawyers қорының атына бір әйелден шағым түскенін хабарлады. Әйелдің айтуынша, өзі перзентханада жатқан кезде туыстарының үйіне қалдырған тоғыз жастағы ұлы зәбір көрген.

 Аталған дерекке қатысты полиция қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Ведомствоның алдын ала мәліметіне сәйкес, оқиға 2021 жылы болған. Полиция департаменті қазіргі таңда іс бойынша куәгерлерден жауап алынып жатқанын, қажетті сараптамалар тағайындалғанын және тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.