Қызылорда қаласында инфрақұрылым қарқынды дамуда
Қалада инфрақұрылым қарқынды дамуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Асылбек Шаменовтың Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу және отандық өндірісті дамытуға қатысты қала аумағында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің жұмыс сапасын қадағалау сапары жалғасуда.
Шаһар басшысы алдымен Бәйтерек тұрғын ауданына барып, Қызылжарма каналы арқылы Бәйтерек ықшам ауданына өтетін көпір құрылысының жұмысын зерделеді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев, жауапты мердігер компания «Стандарт Ойл» ЖШС-нің директоры А.Ертаев жұмыс барысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, ұзындығы 47, ені 10 метр болатын көпірдің сапалы әрі уақытылы ел игілігіне табысталатынын айтты. Мердігердің сөзіне сенсек, Қызылжарма каналын асып өтетін көпірмен тамыз айынан бастап автокөліктер жүйіткитін болады.
Қала әкімі бастаған топ ары қарай Қорқыт ата тұрғын ауданына ат басын бұрып, Күлтегін көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарын көрді. Бір шақырымнан асатын көшеде жұмыс қарқыны ширақ. Өйткені, мердігер мекеме «Қызылорда-Траст» ЖШС директоры Н.Көшеков маусым айына үлгертуіміз керек дейді.
Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда елді мекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы ретте, қазіргі уақытта Сыр өңірінің барлық аудан орталықтары көгілдір отынмен қамтылып, ендігі кезекте елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сондай игі істің бірін Қосшыңырау ауылдық округінен көруге болады. Қала әкімі аталмыш ауылдық округке табиғи газ қосу жұмысы сапасын бақылау үшін арнайы барды. Абай, Досан ауылдары игілігін көретін газ тарту жұмыстарының құны 662,7 млн. теңге. Ел асыға күткен шаруаны желтоқсан айынан кешіктірмей сапалы орындау міндеті мердігер компания «Ремстрой» ЖШС-не тиесілі.
Өз кезегінде шаһар басшысы Асылбек Шаменов «Кез-келген адамның, әулеттің берекесі – үйінде маздаған отынан, жылы ошағынан. Туған елдің төрінде халық игілігі үшін жасалып жатқан жаңалықты берекелі қылу тікелей сіздерге байланысты» деді.
Мұнан соң қала әкімі Қызылжарма ауылдық округіндегі Ә.Сайлыбаев көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмысын бағамдады. Наурыз айында басталған ұзындығы жарты шақырымға жуық көшеде жасалатын тиісті жұмыстар, мамыр айында толық аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС.
Сондай-ақ, Титов тұрғын ауданындағы Жанкент көшесінің тұрғындары да маусым айынан бастап жаяу жүргіншілер жолының игілігін көрмек. 1 шақырымға жуық тротуар құрылысын жүргізу «Қызылорда жолдары» ЖШС-не сеніп тапсырылған.
Инфрақұрылымды реттеу мәселесінде қаланың шет аймақтары көбірек қамтылғанын дәлелдейтін және бір көрініс Шанхай тұрғын ауданындағы 8-наурыз көшесіндегі орташа жол жөндеу жұмыстары. Бұл көшені де «Қызылорда жолдары» ЖШС өз міндетіне алған. Айта кетейік, дәл осы тұрғын ауданда жалпы құны 253,9 млн теңгеге 18 көше жөнделетін болады.
Қала әкімі Асылбек Шаменов сапар соңында қызылордалықтардың игілігі үшін қыруар қаржыға жасалып жатқан шаруалардан кемшілік болмауы қажет екенін айтып, шаһар аумағындағы барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізіп отыру жөнінде жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда қаласы күн сайын ұлғайып келеді. Оны соңғы жылдардағы қарқынды құрылыс көлемінен байқаймыз. Алаштың астанасы болған, қос ғасырдан астам тарихы бар шаһарда биылғы жылы да қолға алынған жұмыстар орасан.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу және отандық өндірісті дамытуға қатысты қала аумағында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің жұмыс сапасын қадағалау мақсатында қала әкімі Асылбек Шаменов бірқатар нысандар құрылысын аралады.
Шаһар басшысы алдымен жақында ғана қаланың сол жағалауында құрылысы басталған 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің аумағына барды. Жаңа тұрғын үй құрылысы және қазіргі жұмыс барысы жөнінде баяндаған тиісті бөлімнің басшысы Айдын Әнуар және мердігер компания «Аман құрылыс» ЖШС-нің директоры Ә.Маштаев нысан 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілетінін айтты. Өз кезегінде қала әкімі Асылбек Шаменов мердігер компания басшысына құрылыс сапасы жіті бақылауында болатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы ондаған жыл бойы жинақталған инфрақұрылым мәселелерін шешу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды қолға алуды тапсырғанын білесіздер. Бұл ретте, салынып жатқан 7 қабатты үйлердің орны бөлек, әрі жауапкершілігі де жоғары екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан, тұрғындар өміріне қауіпсіздігі мен барлық техникалық мүмкіндіктерін мүлт жібермеу керек – деген шаһар басшысы Сол жағалауда салынып жатқан басқа да көпқабатты 10 үйдің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Содан соң қала әкімі Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралығын абаттандыру жұмыстарының жүру барысын бақылады. Көшенің бір шақырымға созылған бұл бөлігі 6 жолақты. Сондай-ақ, көшенің бойына екі субұрқақ, скверлер мен балалар ойын алаңдары салынбақ.
Шаһар басшысы бұған дейін де ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүрген «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің жұмысты сапалы жүзеге асыратынына сенім білдірді.
Қала әкімі көшенің Н.Назарбаев даңғылынан Қызылорда-Құмкөл трассасына дейінгі қайта жаңғырту жұмыстарын да барып көрді. Аталған аумақтағы жөндеу жұмыстарын «УАД» ЖШС жүргізуде. Бұған дейін көлік ағыны толастамайтын республикалық маңызы бар көшенің тарлығынан жолаушылар мен сол маңдағы тұрғындар қауіпсіздігі өзекті мәселе болып келген еді. Жақында бұл мәселе де шешімін табатын болады. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру және қайта жаңғырту қазан-қараша айларында толық аяқталуы тиіс екенін айтты.
Ары қарай қала әкімі Тасбөгет кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жұмыс барысын бағамдады. Кент тұрғындары үшін маңызды жобалардың бірі саналатын нысан құны – 542,1 млн теңге. Жоба құрылысы 2024 жылдың наурыз айында бітеді. Жауапты мердігер «Интегрострой» ЖШС.
Мемлекет басшысы тапсырмаларының еліміздің одан әрі дамуы, азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін маңызы зор екенін айтқан шаһар басшысы халық игілігіне берілетін кешеннің сапасы мен қауіпсіздігі басты орында болу керек деді.
Саяхат тұрғын ауданындағы Ш.Бәкірова көшесінде де жұмыс қызу жүріп жатыр. Бір шақырымға жуық аумақты орташа жөндеу мердігер компания "Қызылорда-Траст" ЖШС-нің міндетінде. Асылбек Шаменов маусым айында бітетін жөндеу жұмыстарын ширатуды, сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң қала әкімі Белкөл кентіндегі сауын фермасының құрылысымен танысты. Белгілі кәсіпкер Мұрат Нұрсейітов басқаратын «Абай» шаруа қожалығына тиесілі нысан кәсіпкердің өз қаражатына салынуда. Жалпы аумағы 15 гектар сүт фермасында бір мезетте 450 бас сиыр сауылады. Нысан алдағы жылдың қыркүйегінде толық іске қосылғанда, мұнда 300 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Өз кезегінде Асылбек Шаменов жобаның маңызы жоғары екенін, әсіресе жұмыссыздықты азайтуға елеулі үлес қосатынын айтып, кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Отандық өндірісті дамытуға негізгі басымдық берілуге тиіс. Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттырудың маңызы зор. «Қазақстанда жасалған» өнімдер бәсекеге қабілетті және қолжетімді бағада болуы керек» деген тапсырмасын тілге тиек етіп, осы бағытта жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді әрдайым қолдауға дайын екенін білдірді.
Жұмыс сапарын қорытындылаған қала әкімі аймақтың бас шаһарында жүргізіліп жатқан барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізіп отыру жөнінде жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Инфрақұрылым – бұл бизнестің, аймақтың немесе ұлттың негізгі физикалық жүйелерінің жалпы термині. Инфрақұрылымға көлік жүйелері, байланыс желілері, ағынды сулар, су және электр жүйелері мысал бола алады. Бұл жүйелер капиталды көп қажет ететін және қымбат инвестициялар болып табылады және елдің экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін өте маңызды.
Инфрақұрылымды жақсартуға байланысты жобалар мемлекеттік, жеке немесе мемлекеттік-жеке серіктестіктер арқылы қаржыландырылуы мүмкін. Экономикалық тұрғыдан алғанда, инфрақұрылым көбінесе қоғамдық монополияларды қолдайтын қоғамдық өнімнің өндірісін немесе өндірістік процестерді қамтиды.
Негізгі өнімдер
Инфрақұрылым – бұл экономика құрылымын құрайтын негізгі жүйелер.
Инфрақұрылымға көлік құралдары, телекоммуникация желілері және сумен жабдықтау мысалдары жатады.
Ірі инфрақұрылымды әдетте мемлекеттік сектор немесе мемлекеттік реттелетін монополиялар өндіреді, ал кішірек масштабтарда инфрақұрылымды көбінесе жеке фирмалар немесе жергілікті ұжымдық іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
Инвестиция ретінде инфрақұрылым кейбір басқа активтер класына қарағанда тұрақсыз болып келеді және кейде оны инвестиция ретінде іздейді.
Инфрақұрылым туралы түсінік
Инфрақұрылым термині алғаш рет 1880 жылдардың соңында пайда болды.Бұл сөз француз тілінен шыққан,инфра- мағынасы «төмен» жәнеқұрылымы «ғимарат» дегенді білдіреді. Инфрақұрылым – бұл экономика құрылымының негізін қалайтын, көбінесе сөзбе-сөз мағынасында.1987 жылы АҚШ Ұлттық зерттеу кеңесінің панелі автомобиль жолдарын, әуежайларды, телекоммуникацияларды және сумен жабдықтауды, сондай-ақ осы элементтер кіретін біріктірілген жүйелерді қосқанда функционалды режимдерге қатысты «қоғамдық жұмыстардың инфрақұрылымы» терминін қабылдады.2018-04-01 Аттестатта сөйлеу керек
Реклама
Ірі және кіші масштабтағы құрылымдық құрылымға қолданылатын инфрақұрылым физикалық компоненттер қажет болған жағдайда әр түрлі жүйелер мен құрылымдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, қаланың, штаттың немесе елдің арасындағы электр желісі – бұл тартылған жабдыққа және ол қолдайтын аудандарға қызмет көрсету ниетіне негізделген инфрақұрылым. Сол сияқты, нақты бір жерде жұмыс істейтін компанияның деректер желісін құрайтын физикалық кабельдер мен компоненттер де қарастырылып отырған бизнестің инфрақұрылымы болып табылады, өйткені олар іскери операцияларды қолдау үшін қажет.
Инфрақұрылым көбіне қоғамдық өнімді немесе табиғи монополиялардың өндірісіне қарыз беретін тауарларды өндіруді қамтитындықтан, мемлекеттік қаржыландыруды, инфрақұрылымды бақылауды, қадағалауды немесе реттеуді көру өте тән. Бұл, әдетте, тікелей мемлекеттік өндіріс немесе тығыз реттелетін, заңмен санкцияланған және жиі субсидияланатын монополия өндірісі түрінде болады. Кішігірім масштабтарда инфрақұрылым көбінесе клубтық тауарлардың немесе жергілікті монополиялар өндіретін тауарлардың сипаттамаларын қабылдай алады және фирма ішінде пайдалану үшін инфрақұрылым шығаратын жеке фирма аясында немесе ресми немесе жергілікті шарттармен қамтамасыз етілуі мүмкін. бейресми ұжымдық іс-әрекет.
Инфрақұрылым түрлері
Инфрақұрылымды бірнеше түрге бөлуге болады, олардың ішінде:
Жұмсақ инфрақұрылым
Бұл инфрақұрылым түрлері экономиканы сақтауға көмектесетін институттарды құрайды. Бұлар, әдетте, адами капиталды қажет етеді және белгілі бір қызметтерді халыққа жеткізуге көмектеседі. Бұған денсаулық сақтау жүйесі, қаржы институттары, үкіметтік жүйелер, құқық қорғау және білім беру жүйелері жатады.
Қатты инфрақұрылым
Бұлар қазіргі заманғы, индустриалды ұлтты басқаруды қажет ететін физикалық жүйелерді құрайды. Мысал ретінде жолдарды, автомобиль жолдарын, көпірлерді, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті капиталды / активтерді (транзиттік автобустар, көлік құралдары, мұнай қондырғылары / зауыттар) келтіруге болады.
Маңызды инфрақұрылым
Бұл үкімет қоғам мен экономиканың жұмыс істеуі үшін маңызды деп анықтаған активтер, мысалы, баспана және жылыту, телекоммуникация, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы сияқты объектілер. Америка Құрама Штаттарында осы маңызды инфрақұрылымдарға жауапты мекемелер бар, Ұлттық қауіпсіздік (үкімет және төтенше жағдайлар қызметі үшін), Энергетика және Көлік департаменті сияқты.
Жоғарыда аталған секторлармен қатар, инфрақұрылымға қоқысты жинау және жергілікті қоқыс тастау сияқты қоқыс шығару қызметі кіреді. Әр түрлі мемлекеттік органдар жиі қамтыған кейбір әкімшілік функциялар да инфрақұрылымның бөлігі болып саналады. Білім беру және денсаулық сақтау объектілері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық функциялармен және қажетті оқу базаларымен қамтылуы мүмкін.
IT инфрақұрылымы
Көптеген техникалық жүйелер көбінесе инфрақұрылым деп аталады, мысалы, желілік жабдықтар мен серверлер, белгілі бір іскери ортада қамтамасыз ететін маңызды функциясына байланысты. Ақпараттық технологиялар (АТ) инфрақұрылымы болмаса, көптеген кәсіпкерлер мәліметтерді жұмыс орнында тиімділікті жоғарылататын әдіспен бөлісу және жылжыту үшін күреседі. Егер АТ инфрақұрылымы сәтсіздікке ұшыраса, көптеген бизнес функцияларды орындау мүмкін емес.
Мемлекеттік инфрақұрылымға жеке инвестициялар
Кейде жеке компаниялар бизнесті кеңейту мақсатында елдің инфрақұрылымын дамытуға қаражат салуды таңдайды. Мысалы, энергетикалық компания мұнай тазартқысы келетін елде құбырлар мен теміржолдар салуы мүмкін. Бұл инвестиция компанияға да, елге де тиімді болуы мүмкін.
2005 жылы Skyway концессиялық компаниясы Чикаго Skyway көпірін пайдалану және ұстау үшін Чикаго қаласымен 99 жылдық жалға алды.Келісім шеңберінде Skyway көпірден алынған барлық төлемдер мен концессиялық кірістерді алады, ал қала 1,83 миллиард долларлық қолма-қол инфузиядан пайда көрді және енді көпірді ұстауға жауап бермейді.
Жеке адамдар мемлекеттік инфрақұрылымның жекелеген бөліктерін жақсартуды қаржыландыруды таңдай алады. Мысалы, жеке адам ауруханаларды, мектептерді жақсартуды немесе жергілікті құқық қорғау органдарының әрекеттерін қаржыландыруы мүмкін.
Инфрақұрылым активтер класы ретінде
Инфрақұрылым – бұл ұзақ мерзімді капиталға қарағанда құбылмалылығы жоғары және жоғары кірісті қамтамасыз ететін активтер класы. Нәтижесінде, кейбір компаниялар мен жеке тұлғалар қорғаныс сипаттамалары үшін инфрақұрылым қорларына ақша салуды ұнатады, мысалы, көлік немесе су инфрақұрылымымен айналысатын қорлар.