"Жала жапқандардан 100 миллион теңге талап етемін": Түркияда жүрген Бекболат Тілеухан азаматтығына қатысты тағы да үндеу жариялады (видео)
БАҚ беттерінде Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтағын алатыны жайлы ақпарат тараған. Көп ұзамай экс-депутат жазба жариялап, мұның жалған екенін мәлімдеген еді. Кейін Тілеухан тағы бір видео жариялап, өзі туралы “жалған ақпарат таратқандарды” сотқа беріп, 100 миллион теңге өндірмекші екенін айтты. Ал қаржыны "Қазақстан халқына қоры" мен "Отандастар" қорына беруді жоспарлап отыр екен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бекболат Тілеуханның сөзінше, өзінің Түркия азаматтағын алатыны туралы мәлімет тараған соң әлеуметтік желіде видео жариялап, пікір білдіруге тура келген. Себебі ол өзге елдің азаматтығын алуды мүлде жоспарламаған.
Экс-депутат өзі туралы жалған ақпарат таратып, жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар өтемақы талап ететінін айтты.
Сонымен қатар Бекболат Тілеухан арнайы журналисті шақырып, алдағы уақытта сұхбат беретінін де қосып өтті.
Ал екінші видеосында Тілеухан өзінің паспортын көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алатыны жайлы ақпарат тараған еді. Көп ұзамай экс-депутат ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, мұны жоққа шығарған.