Мектепте қорлық көрген оқушы 12 қабаттан секіріп мерт болды

1 459



Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сағат екі шамасында «Триумф» тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан 14 жастағы бала секіріп кеткені жайлы дерек әлемжеліге тараған. Ондағы ақпарат бойынша, бала буллингке ұшыраған. 


Оқиғаны осыдан кейін полиция департаменті растады. 


20 қыркүйекте 102 нөміріне көпқабатты үйден ер адамның құлағаны жөнінде хабар түсті. Аталған фактіні тексеру барысында оның 14 жастағы бала екені анықталды. Қазір оқиғаның себебі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады департамент.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.