Биыл 350 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

1 150
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындардың саны артты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді.Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Өткен жылы атаулы әлеуметтік төлемді 729 мың адам алды. Биыл жыл басынан бері 350 мың адамға тағайындалды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық, – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ведомство басшысы «Күміс жас» жобасы туралы әңгіме өрбітті.

Аталған жоба аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның 50 пайызы әйелдер. Қатысушылар «Күміс жас» жобасын сәтті деп санайды. Биыл жобаға қатысу жас мөлшері 58-ден 50 жасқа дейін төмендеді. Жоба қатысушылары жұмыс берушілердің ұсынысын біліктілігіне қарай таңдай алады. Жалақыны мемлекет 3 жыл ішінде субсидиялайды, – дейді министр.