Ақтөбе облысында 5 жасар егіз бала өрттен қаза тапты

249
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылында өрт болып, 5 жасар егіз балалар қаза болды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 3 ақпанында кешке жеке тұрғын үй өртенген, өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған.

"Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт кезінде үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі де ыстан уланып қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған", - деп  хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандарының болжамы бойынша, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан.

"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және мүмкіндігінше балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп қорытындылады өрт сөндірушілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.