80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған
Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл аймақта кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық дерегіне қатысты 16 қылмыс анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлімдеді.
Аға инспектордың айтуынша, 18 наурызда оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы балаларды емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жасөспірімге азғындық жасағанын анықтаған. Бұл жайтқа қатысты 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл 80 жастағы зейнеткер болған. Ол кішкентай балаларды алдап шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Бұл дерек жоғалған балаларды іздеу барысында айқындалған. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды.
Ал 12 ақпанда Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Ақсу қаласының әйелдер консультациясын тексеру барысында 15 жастағы жасөспірім жүкті екенін анықтаған. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысында бұл іске Ақсу қаласының 17 жастағы тұрғынының қатысты бары анықталған. Қылмыстық іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды. Екі жасөспірімнің де ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.