Сыр халқы қостанайлықтарға көмек көрсету үшін жұдырықтай жұмылды
Бүгін Сыр өңірінен азық-түлік, құрылыс материалдары өзге де қажетті заттар тиелген жүк көлігі Қостанай өңіріне көмек ретінде жөнелтілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
31 тоннадан астам азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар, төсек жабдықтары мен құрылыс материалдары «AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы қабылдау пунктерінде жиналды.
Атап өту керек, сырбойылық аманаттықтар тарапынан қостанайлықтарға гуманитарлық көмек ретінде 11 тоннадан астам күріш,10 тоннадан астам ұн, май, макарон секілді азық - түлік өнімдері, 6 тонна құрылыс материалдары, 4 тонна ауыз су, сондай-ақ гигиеналық заттар,дәрі-дәрмек,жылы киім-кешектер мен ыдыс-аяқтар, тұрмыстық техникалық тауарлар жөнелтілді.
Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді.