ЖАҢАҚОРҒАНДА БАЛАЛАР ӘЖЕТХАНАСЫ ЖАҒА ҰСТАТТЫ

6 495

Жаңақорғанда балабақша балаларының қолданыстағы әжетханасы желі қолданушыларының наразылығын тудырды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Елімізде әжетхана мәселесі төтенше жағдай болғанда ғана көтеріледі. Көп жұрт оны "ыңғайсыз тақырып" деп қозғамайды. Ал балабақшаның бүлдіршіндері сол баяғы суық та лас, сасық әжетханаларға барып жүр. Бұл туралы  Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бақтыбаева өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын. 


«Қызылорда Облысы Сэбд-нің Жаңақорған аудандық басқармасы үшін бала өмірінің құны қанша?! 
Қызылорда Облысының әкімі тапсырмасы және Әділдік Жолы РҚБ шағымы негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында зерделеу жұмыстары жүргізіліп келеді. 
Зерделеу барысында біршама ұйымның талаптарға сәйкес болмауына қарамастан жұмыс жасап, бала қабылдап отырғаны анықталды. Оны СЭС біледі, бірақ жұмған көздерін ашпайды… Себебі?! Қамқорлық па жемқорлық па Giniyat Azhar?! 
Мысалы, Жаңақорған ауданындағы біршама бала-бақша талапқа сай емес, ол туралы құзырлы органмен құрылған зерделеу актісі болғанымен СЭС қызметкерлері нақты дәлел сұрауда... 
Негізі бала-бақшалар өз жарғылары негізінде 2-6 жас аралығындағы білім беру ұйымдары болып табылатынын бұл мекеме білмесе керек…»,- деген жазба қалдырған. 


Сонымен қатар,  арыз түссе жоспардан тыс тексеру жүргізу міндеттері екендігін алға тартқан. Бірақ, жемқорлығы жайлаған бұл саланың басшылары “Кәсіпкерлік Кодексіне” сүйеніп, кәсіпкердің табысын “Конституциялық бала құқынан” артық көретіндігін ашық айтты. 


«Зерделеу актісі нақты факт емес))) Видеода дәлел бола алмағаны тағы бар… сонда сәйкес емес бала-бақшаның жабылуына қандвй факт, нендей дәлел қажет?! Тиесілі құжатсыз жұмыс жасап жатқанын біле тұра, бала өміріне алаңдамаған бұл мекеменің халық қаржысын қашанғы ысрап етеді Нұрлыбек Нәлібаев?! Ақыры тек лабораториялық анализдерден басқа жүйелі жұмыстары жоқ екен, онда тек лаборатория қалсын…»,- деп жазды. 


21 ғасырдағы бала бақшадағы 3-6 жас аралығындағы балалар әжетханасы жан түршігерлік жағдайда тұр. Рұқсаты жоқ екенін біле тұра 100-ден аса балаға қауіп төндіріп, әлі күнге дейін жабылмаған білім ордасы бармақ басты көз қыстының тіршілігі емес пе? 


"Сананы тұрмыс билейді. Бала жастайынан не қағаз, не сабын жоқ, өзі қорқынышты да сасық әжетханаға барса, ол мұны норма деп қабылдайтыны тағы бар. 


Лас, қауіпті әрі қадір-қасиетіңді түсіретін әжетхана – дамушы елдердің көбінің мәселесі. Бұл мәселеге назар аудару үшін Біріккен ұлттар ұйымы 19 қарашаны дүниежүзілік әжетхана күні деп жариялаған. 


Ал, біздің елді таза әжетхана Қазақстан балаларының көбіне арман болып отыр. Расында, білім ордаларының қорқынышты әжетханалары әлі күнге дейін жұмыс жасауы қалыпты жағдай болғаны ма? Бала тағдыры ше? Зорлық-зомбылықтың барлығы оқу орындарының әжетханаларында орын алып отырғандығын ескерген абзал.