Елімізде айлық пен зейнетақы қанша пайызға өсетіні белгілі болды

715

Бүгін Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет халықтың табысын қалай арттыратынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

©ЭК/Андрей ХАЛИБүгін Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет халықтың табысын қалай арттыратынын айтты.
Оның айтуынша, арнайы бағдарламада азаматтардың кірісін көтеруге бағытталған нақты шаралар қарастырылған.

Бюджет саласы мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін 1 миллионнан аса қызметкердің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестегі 2,8 миллион жұмысшының жалақысы көтеріледі,— деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл Үкімет әлеуметтік салаға 4 триллион теңге жұмсайды.


Бұл, былтырмен салыстырғанда, 230 миллиард теңгеге артық. Инфляция дәлізі 8-10 пайызға өзгерді. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны қосымша 4 пайызға арттыру көзделіп отыр. Демек, биыл барлық әлеуметтік төлемдер 9 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы 11 пайызға өседі,— деді Үкімет басшының орынбасары.

Бұл игілікті елімізде 4,2 миллион адам көреді. Оған бюджеттен қосымша 111 миллиард теңге қарастырылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.