Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған

307

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.

"Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін", - деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.


Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды. Еске салайық, Рудныйдағы колледж студенттері түскі астан кейін асханада өздерін жайсыз сезінген еді. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.