Қазаққа көп әйелділік керек пе?
1 858
«Қазақстанда бір жігітке төрт әйелден келеді» дегенге сеніп, арқаны кеңге салып отау құруға онша асықпай жүрген жігіттер де жетерлік, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әрине, әлеуметік жағдай бірінші орында. Десек те, көп әйел алуды көксейтін көкелеріміздің де қатары күн санап артып келеді. Алайда шынайы өмірде зерттеулерге қарасақ, елімізде жыл сайын әйелдер саны азайып барады. Биыл Қазақстандағы әйелдер саны 9,9 млн болған. Былтырғы халық санағының қорытындысында 19 млн болдық делінген. Қарапайым есептегенде 10 млн ер адам, 9 млн әйел адам бар десек те болады.
Әйелдердің көптігін тілге тиек еткен ер кісілердің басым бөлігі, діни ұстанымда төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгендігін жиі айтуда. Әлеуметтік желімізге қызылордалық келіншектердің басым бөлігі отағасының ойда-жоқта екінші отбасы болатындығын айтып хабарласуда. Солардың бірі:
Енді бір хатта тіпті, екі әйелі бар «сақалды» көкелеріміз үшінші, тіпті төртінші әйелді алуды сәнге айналдырғанын жазуда. Осы орайда, мешіт имамдарының пікірі қандай?
Иә, ер әйелдеріне нәпақа жағынан әділдік жасай алуы мүмкін. Бірақ кейде өзгелеріне қарағанда біреуін қатты жақсы көріп, соған қатты көңіл бөлу қаупі бар. Мұндай жағдайда отбасының әділдік жүйесі бұзылады. Сондықтан Құран төрт әйел алуға есік ашқанымен, жүгі ауыр болғандықтан, жалғыз әйел алуға ынталандырып:
Ислам дінінде көп әйел алу – парыз, уәжіп не сүннет түрінен емес, берілген рұқсат қана.
Әсіресе кейде бір елде соғыстан соң көптеген әйелдер жесір, қыздар жетім қалуы мүмкін. Яғни, халық саны азайып кетуі де мүмкін. Осындай жағдайда көп әйел алудың демографияға қосар үлесі мол. Алайда, ер кісі екінші әйел алатын болса кейінгі әйелі науқас әйеліне қамқор болса, ердің кейінгі әйелінен туған бала екі әйелге де ортақ бала болып қалмақ дейді дінтанушылар.
Қазіргі қоғамның дертіне айналған көп әйелдік қызу талқыға түсіп жатыр. Нәзік жандылар қарсылық танытқанымен, ерлер қауымы билік тарапынан қолдау тауып, заңмен рұқсат етілсе дейді. Мысалға елімізде атқа мінер азаматтарымыздың бірі Бекболат Тілеуханда 3- әйел болса, 76 жасар түркістандық Сапаралының 3-әйелі, ал алматылық Ыдырыстың 4 бірдей жары бар.
Ең қызығы көп әйелділікке рұқсат берген 50 мемлекет бар. Атап айтқанда, Түркіменстан, Сирия, Сингапур, Иран, Пәкістан, Индонезия мен Сауд Арабия елдерінде рұқсат етілген.

Осыдан 6 жыл бұрын жолдасыммен махаббат сезімі оянып, тұрмыс құрдым. Қайынжұртым да ешбір міні жоқ жандар. Алайда осы уақыт аралығында сәби сүю бақыты бұйырмады. Енді жолдасым басқа қызбен шаңырақ көтеріп, «тоқал» етіп, үйге әкелмекші,- дейді Назира.
Енді бір хатта тіпті, екі әйелі бар «сақалды» көкелеріміз үшінші, тіпті төртінші әйелді алуды сәнге айналдырғанын жазуда. Осы орайда, мешіт имамдарының пікірі қандай?
Егер ер кісі екі не төрт әйелге дейін алатын болса, бұлардың бәріне бірдей әділдікпен қарауға тиіс. Әйтсе де ер кісінің бірнеше әйеліне бірдей толық әділдік жасауы қиын нәрсе. Құранда: «Қанша қаласаңдар да әйелдер арасында әділ болуға шамаларың жетпейді. Ендеше, біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, – дейді имам Сұлтанбек.
Иә, ер әйелдеріне нәпақа жағынан әділдік жасай алуы мүмкін. Бірақ кейде өзгелеріне қарағанда біреуін қатты жақсы көріп, соған қатты көңіл бөлу қаупі бар. Мұндай жағдайда отбасының әділдік жүйесі бұзылады. Сондықтан Құран төрт әйел алуға есік ашқанымен, жүгі ауыр болғандықтан, жалғыз әйел алуға ынталандырып:
Әділетсіздік жасаудан қорықсаңдар біреуін ғана алыңдар,– делінген.