Ит қауып алған тұрғын оның иесін сотқа беріп 1 миллион теңге талап етті
Астанадағы тұрғынға питбультерьер тұқымды ит шабуыл жасағаннан кейін, жәбірленуші иттің иесін сотқа беріп, 1 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Істі Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. Деректерге сүйенсек, оқиға 2024 жылдың жазында болған. Тұрғын иттің тістеуінен дене жарақатын алған. Ол өзінің ұзақ емделген, құтыруға қарсы вакцинация курсын алып, ауыр эмоциялық күйзеліске ұшырағанын айтты. Мәлімделген моральдық зиян сомасы – 1 млн теңге.
Алайда иттің иесі тұрғынның өзі жануарға арандатушылық жасағанын түсіндірді. Ол талапты мойындамай, зиянды өтеу үшін материалдық мүмкіндігінің жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ жауапкер оқиға болған сәттен бастап 6 айдан астам уақыт өткенін көрсетті.