Көпбалалы аналар елорда әкімдігіне келген ер адамды сабап тастады (ВИДЕО)

201

Желіде әйелдердің әкімдікке келген ер адамды жабылып сабап жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпара агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.




Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің мәліметінше, әйелдер әкімдік ғимаратына баспана мәселесін шешу үшін барған.

"Әйелдер ғимараттың кіреберісін жауып, әкімдікке өз мәселесі бойынша келген ер адамға шабуыл жасады. Ер адам әкімдіктің немесе өзге мемлекеттік органның қызметкері емес, ол қаланың қарапайым тұрғыны", – дейді әкімдіктегілер.


Полиция департаментінің дерегінше, оқиға сағат 11,12-лер шамасында болған. Жанжалға қатысушылардан полицияға бір-біріне шара қолдану туралы арыз түскен. Аталған факті "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасында тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.