Сотталған азаматтың кәсіп ашуына көмек көрсетілді

1 371

Фото: pixabay.comЖетісу облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматқа жеке бизнес ашуға қолдау көрсетілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, пробация қызметінде есепте тұрған Қаратал ауданының тұрғыны – кәмелетке толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

«Прокуратураның қолдауының арқасында ол мемлекеттен 1,5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Бұл қаражатқа дөңгелек жөндеу жабдықтарын сатып алуға және жұмыс істейтін үй-жайлар салуға жұмсалды. Қазіргі уақытта ер адам жеке кәсібін табысты жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.