Жастар арасындағы төбелестен бір адам қайтыс болды
Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта төбелес болып, салдарынан бір адам мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындаған. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Қаз
Рус






