Бензин мен дизель отынының бағасын енді мемлекет реттемейді

1 536

Фото: pixabay.comҚазақстандық отын енді мемлекеттік бақылауда болмайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Энергетика министрлігі Қазақстан бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең арзан елдердің қатарында екенін түсіндірді.


Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы бензин мен дизельдің арзан болғаны көрші елдермен салыстырмалы түрде баға алшақтығына әкеледі.


АИ-92 маркалы бензин бағасының айырмашылығы 40%-дан 138%-ға, дизельдік отынға – 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Соның кесірінен әртүрлі заңсыз схемалар арқылы отынды шетелге шығарылады, соның салдарынан тапшылық туындайды дейді.


Осыған байланысты Қазақстан тұрақты баға моделі саясатына бет бұрып жатыр.


Бұйрық 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.