Жол апатынан бір адам көз жұмып, 14 жолаушы жапа шекті

305
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жол апатынан 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Жол апаты кеше кешкісін орын алған. Ақсай қаласында жолаушылар таситын №3 "ГАЗель" мен жеңіл көлік соқтығысқан. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жолаушылардың біреуі яғни 72 жастағы әйел жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған. 

"Жедел жәрдем сағат 18:21-де шақырылды. Жол апаты салдарынан барлығы 14 адам жарақат алды. Соның ішінде 72 жастағы әйел жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды. 64 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр, ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Қалған 12-сі амбулаториялық ем алуға жіберілді", - делінген хабарламада. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.