Токиодағы пойызда ер адам 17 жолаушыны пышақтады

325
Токио префектурасының Тефу қаласында қолында пышағы бар ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі NHK телеканалына сілтеме жасап.

Keio теміржол компаниясына тиесілі пойыздағы оқиға кезінде 17 адам зардап шеккен.

Жарақат алған адамдардың ішінде бір науқас ес-түссіз жатыр. Қылмыскер пойызда тез жанатын сұйықтық төгіп, оны өртеген. Оттан вагонның бірнеше орындығы күйіп қалды.

Шабуыл пойыз бір стансадан шығып екіншісіне бара жатқан кезде болған.

Полиция пойыз келесі платформаға жеткен кезде қылмыскерді ұстады. Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпеген. Ол өзінің әрекетін «екі не одан да көп адам өлтіріп, сотта өлім жазасын алғым келеді» деп түсіндірген. Қылмыс болған желіде пойыздар қозғалысы толық тоқтатылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.