15 млн теңгенің ұялы телефондарын ұрлаған ер адам ұсталды
Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінде 15- ші наурыз күні түнгі уақытта ұялы телефон ұрлығы жасалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.(Видео)
Белгісіз азамат кіреберіс есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне заңсыз кіріп, 18 ұялы телефонды ұрлап кеткен. Кәсіпкердің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түскен.
«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефон тәркіленген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.







