Алматыда 15 мың ит пен мысыққа чип тағады

276

Фото:https://livestock-id.ru/Алматыда 15 мың ит пен мысыққа чип тағады. Бұл туралы қалалық Ветеринарлық қызмет басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Электронды сәйкестендіру, яғни жануар терісі астына салынатын микрочипте 15 таңбалы бірегей нөмір болады. Бұл шара жануарлар санын есепке алуға және қаңғыбас ит-мысықтар мәселесін шешуге бағытталған.
Мегаполистің кез келген тұрғыны өзінің жануарына өтінім беру арқылы чип салғыза алады. Сонымен қатар қалада қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін қалада  6 кезекші бригада  жұмыс істейді. Бұл іске қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар да атсалыса алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.