Әйел есірткі тарату үшін баласын қасына ертіп жүрген
Риддер қаласында есірткі тарату үшін баланы қолданған әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 34 жастағы әйел Риддер қаласына өткен жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмаған баламен бірге басқа облыстан келген. Ол өзгелерге баламен көшеде жүрген әйел болып көрініп, есірткі таратумен айналысты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел адам ұсталды. Жеке тінту жүргізу кезінде полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тәркілеген.
Қаз
Рус






