Бір топ жасөспірім оқушы қызды тізерлетіп, соққыға жыққан
Маңғыстау облысында бір топ жасөспірімнің оқушы қызды тізерлетіп, ұрып-соққаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқандардың барлығы анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.
Қаз
Рус






