Әйел есірткі тарату үшін баласын қасына ертіп жүрген

1 351

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметіРиддер қаласында есірткі тарату үшін баланы қолданған әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Белгілі болғандай, 34 жастағы әйел Риддер қаласына өткен жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмаған баламен бірге басқа облыстан келген. Ол өзгелерге баламен көшеде жүрген әйел болып көрініп, есірткі таратумен айналысты. 


Күдікті есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша тасымалдаған. Жетекшілері оған есірткіні қайдан алып, қайда қойып кетіп отыру қажеттігін айтқан. Бұл көбінесе қоғамдық жерлер немесе қаланың адамдар аз жүретін, иесіз қалған аудандары болды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел адам ұсталды. Жеке тінту жүргізу кезінде полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тәркілеген. 

Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді, - делінген ақпаратта. 





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.