Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

686

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалмақ.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша аяқтаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Қызметтік жолын «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы болып бастаған ол ҚР сыртқы істер вице-министрі, Статистика агенттігінің төрағасы, ҚР Президентінің көмекшісі, Қаржы министрі сынды беделді қызметтерді атқарды. 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып сайланды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.