"Еркек кейпіндегі хайуандарға қарсымыз!": Қазақтың баласы әйелдерді еркектерден қорғау ұйымын құруды ұсынды

1 512

Фото: DepositphotosАслан есімді желі қолданушы қазіргі қоғамның арсыз, намыссыз, еркек деген атқа лайық емес пенделерінен қыздарды қорғауға шақырып, арнайы ұйым құруға үндеу жасаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Аслан әрі қарай үнсіз қалудың ақыры жақсылықпен бітпейтінін айтып: "ОСЫМЕН ҮНСІЗДІКТІ ДОҒАРАЙЫҚ ЕР АЗАМАТТАР! ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР.

Болып жатқан жағдай — қоғам үшін масқара. Фемицид. Зорлық-зомбылық. Кісі өлтіру. Ізіне түсу . Сталкинг. Қоқан-лоқы. Қорқыныш.

Егер қыз “ЖОҚ” десе — бұл ЯҒНИ МАЗАЛАМА ДЕГЕН СӨЗ! “Ойланып көремін” дегені емес! “Мен бәрібір қол жеткіземін” деп емес! “Ол кейін келіседі” деп емес. ЖОҚ — ДЕМЕК ЖОҚ, ЖОҚ, ЖОҚ!

Мұны түсінбейтін адам — еркек емес, ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ПСИХ!

Біз осындай елде өмір сүріп жатырмыз:

• қыздар кешке үйіне қайтудан қорқады!

 • әпке-қарындастарымыз бұрынғы жігіттерінен қорқады!

• әйелдер шындықты айтуға қорқады! • ал қоғам көбіне үндемей қалады!

Үндемеу = қылмысқа қатысты болу.

Біз Қазақстандағы адекватты ер адамдардың тәуелсіз қоғамдық қозғалысын құруды ұсынамыз: • Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс — бір ел, бір қағида! • Әр қалада — 100–200 саналы, сабырлы ойлай алатын азамат. • Бандиттер емес. Клоундар емес. Принципі бар адамдар.

Біз не істейміз: 

• Ізге түсіп аңду мен қоқан-лоқы көрген жандарға көмектесеміз. • Заңгерлерді, психологтарды, еріктілерді, белсенділерді қосамыз. • Сайт пен анонимді өтініш формасын жасаймыз. • Полицияға, сотқа, көмек беру орталықтарына бірге барамыз. • Істерді қоғамдық бақылауға аламыз. • Барлығын ашық кеңістіктегі платформаларға шығарамыз. • Жұдырықпен емес, ЖҮЙЕЛІ, заңды және қатаң әрекет етеміз.

Бірде-бір СТАЛКЕР, бірде-бір үйдегі КУХОННЫЙ ТИРАН өзін қауіпсіз сезінбеуі керек.

Ол мынаны білуі тиіс: 

➡️ Ол бақылауда. ➡️ Оны көріп отыр. ➡️ Оның аты белгілі. ➡️ Ол жасырына алмайды.

Нағыз күш — ұру емес. Нағыз күш — ЖАМАНДЫҚТА ӨМІР СҮРГІЗБЕУ.

Егер мемлекет ондай жағдайда үлгере алмай жатса халық болып жастар болып ЕРКЕКТЕР БОЛЫП БІР ҚАБЫРҒА БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК.

Біз ер адамдарға қарсы емеспіз. Біз адам кейпіндегі хайуандарға қарсымыз.

Егер сен: • әке болсаң, • аға болсаң, • іні болсаң, • жай ғана дұрыс адам болсаң

Сен сыртта қалуға қақың жоқ.

Бүгін — біреудің қарындасы. 

Ертең — сенің қарындасың.

ЖЕТЕДІ ТӨЗУ. ЖЕТЕДІ ҮНСІЗ ҚАЛУ. ЖЕТЕДІ ҚОРҚУ. Бірігудің уақыты келді.

ҚАЗАҚСТАН — ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН МЕМЛЕКЕТ БОЛУЫ КЕРЕК ЖЕРЛЕЙТІН ЕМЕС!

Кім қолдайды — қосылсын. Кім қарсы — кедергі жасамасын",- деп жазды Аслан.

 Өкінішке қарай, әзірге бұл бастаманы тек әйелдер қауымы ғана қызу қолдап, алғыс айтуда. Ешқандай өзін "еркекпін" деген пенде "дұрыс, қолдаймын" деген пікір жазбаған.