Назарбаев «Құрметті сенатор» мәртебесінен айырылды
213
Бұдан былай, елімізде «Құрметті сенатор» атағы ешкімге берілмейтін болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар ол Конституциялық соттың тиісті шешімі бар екенін еске салды.
Осы орайда ол бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы бір ғана адамға берілгенін айтты.
Еске салсақ, 2019 жылы мамыр айында бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілген еді.
Сол кезде «Құрметті сенатор» аса маңызды талқылауларға қатысатыны айтылған.
3 апта бұрын регламентті қарап, Сенаттың регламентіне тиісті өзгеріс енгізілді. Соның аясында біз «Құрметті сенатор» атағын регламенттен алып тастадық. Енді бізде ондай институт жоқ. 2022 жылы өткен референдумда бүкіл халық қолдап, Конституциядан Елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Ертең Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заң күшін (Парламент палаталарының бірлескен отырысында) жоятын болады, - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере олтырып.
Сонымен қатар ол Конституциялық соттың тиісті шешімі бар екенін еске салды.
Сондықтан референдумды, заңның күші жойылатынын ескеріп, біз регламенттен «Құрметті сенатор» дәрежесін алып тастаған едік, - деді Сенат төрағасы.
Осы орайда ол бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы бір ғана адамға берілгенін айтты.
Енді заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Оны бірден айтайын. Кезінде Сенат регламентіне осы өзгеріс енгізілген болатын. Осы регламентті қарап, өзгерткенде («Құрметті сенатор» атағын – автор) алып тастадық. Бұған дейін ол бір-ақ адамға (Нұрсұлтан Назарбаевқа – автор) берілді. Енді мұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені, қазір бізде ондай құқықтық негіз жоқ, оны алып тастадық, - деді Мәулен Әшімбаев.
Еске салсақ, 2019 жылы мамыр айында бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілген еді.
Сол кезде «Құрметті сенатор» аса маңызды талқылауларға қатысатыны айтылған.