Экс-әкімнің ұлы майданда Украинаға қарсы соғысып жүр

1 214
Мәжілістің экс-депутаты, Орал қаласының бұрынғы әкімі Сәмиғолла Оразов ұлының Украинада соғысып жүргенін растады деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.


Бұған дейін әлеуметтік желіде 45 жастағы Бауыржан Оразов Украинада ресейліктер жағында "соғысып жүрген болуы мүмкін" екені жөнінде хабар тараған.

Оразовтың айтуынша, ұлы бұрын Қазақстанның батысындағы Орал қаласында милицияда жұмыс істеген. Кейін Ресейге кетіп, сол жақта үйленіп, отбасын құрған. Ресей азаматтығын алған.

Қазақстанда президент пулында қызмет еткен журналист Ресей әскерін қолдау үшін қаржы жинап жатыр – БАҚ

Ертісбаев ел арасындағы беделінен айырылды": Шораев Қазақстандағы ресейшіл партиялар туралы айтты
"Мобилизация басталған кезде "мұнда кел, қайт" дедім. "Ой, папа, мені кім алады? 45-темін. Ауыратыным да бар" деді. Сосын оны шақырып алып, әскери комиссариатқа қамаған. "Мына жерім ауырады" (дегеніне ешкім қарамаған). Ешқандай комиссия жоқ. "Анда барғасын жазыласың" деп айдап жіберіпті. Қазір Запорожье АЭС-інің маңында Энергодар деген қала бар, сонда жүр. Ол жақта соғыс жүріп жатқан жоқ, - дейді экс-депутат. 

Орал қаласының бұрынғы әкімі Сәмиғолла Оразов Ресей басқыншылығы туралы сұраққа "өзімнің көзқарасым, позициям бар, бірақ балама зиян келе ме деп қорқамын" деп ашығын айтқан.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.