АЙМАҚ БАСШЫСЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

287

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіКеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жеке қабылдауға 14 азамат келіп, мәселесін жеткізді. Басым бөлігі орта және шағын кәсіпке қолдау көрсетуді сұрады. Айталық, Алтынбек Өмірзақов Жаңақорған ауданынан шұлық тоқу цехын ашу жобасын ұсынса, Сәрсенкүл Мусаева көлік жөндеу бекетінің құрылысын толығымен аяқтауға қолдау көрсетуді сұрады.

Қабылдауға келген Талғат Телеубаев күріш қалдықтарының шикізатынан фин қағазын өндіруді дамыту туралы айтып, Абдурагим Миржибаев Қызылорда қаласындағы өзінің шағын жеке кәсібіне көмек беру мәселесін көтерді.
Аймақ басшысы кәсіпкерлік саласын жандандыруға ниетті азаматтарды қолдау шараларын  жүргізу, қайтарымсыз гранттар беру барысын пысықтауды тапсырды.
Жалпы мемлекеттік гранттар - кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға беріледі.
Мұнан бөлек, жеке қабылдауда денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, облыс орталығының шалғай ауылдарындағы балаларға спорт алаңын салу, аяқ су жүргізу секілді маңызды сұрақтар көтерілді. Әсіресе, ИВЛ аппаратымен тыныс алатын бала көмек сұрай келген көпбалалы ана мәселесіне облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына мәселені мұқият зерделеп, тиісті деңгейде жұмыстарды үйлестіруді тапсырды.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін аймақ басшысы 16 жеке қабылдау өткізіп, 144 азаматтың мәселесін саралады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.