Кішкентай қыздарды зорламақ болған педофилдің ісі қараусыз қалдырылған

247
Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде педофил кішкентай қыздарға тиісіп, зорламақ болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарасты Шаңырақ-2 мөлтек ауданында педофил көшеде алдынан шыққан кішкентай қыздарды аймалап қолынан сүйреп,  келіншектерді жұмсақ жерден шымшып ерсі қылықтар жасаған. “Шаңырақтың” тұрғындары естері шығып, өре түрегеліп күдіктіні өздері ұстаған. 102 шақырып, полицияға көрген-білгенін айтып, арыз жазған. 

Алайда,  шағым иелері “арыз қараусыз қалдырылды” деген жауап алады.


Мен Шаңырақ-2 мөлтек ауданында тұрамын. Кеше сағат 12:30 шамасында мына арсыз педофил менің екі қызыма тиіскен. Кенже қызым қорқып қашып кеткенде, есік алдында тұрған үлкен қызымды құшақтап қолынан жібермей қойған . Кіші қызым үйге жүгіріп келіп бізге айтқанда сыртқа шығып таппай қалғанбыз, көшеде іздеп жүргенде мына педофил жолдан өтіп тағы бір келіншектің артқы жағын ұстап, шымшып қолынан ұстап алған сол келіншек сен кімсің деп шошып турғанда бір аға келіп мынаны шалқасынан түсірді. Сөйтіп біз бул малғұнды ұстап тұрғанда 102-ге хабарласып шақырып, арыз жаздық меңің қыздарым және келіншек бәріміз РОВД-ға бардық. Енді бүгін 1414,тең смс келіп тұр Кешегі арыз бойынша іс қараусыз қалдырылды деп. Нестесем болады? Сонда міндетті түрде қыздарым зорлану керекпе?- дейді тұрғын.