Қызылордада түзеу мекемесінде сотталғандар гипстен бұйымдар жасап жатыр
496
Қызылордада қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі- сотталғандарды жұмыспен қамту. Сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында он екі кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр.
Сотталған азаматтар газоблок, құм блоктарын өндіру, қолөнер, кірпіш өндірісі, ағаш өнімдерінен жұмсақ жиһаз даярлаумен және тегін цехында киім тігумен айналысады.
Мекеме аумағында кәсібін дөңгелетіп отырған ЖК «Қайсар» цехын аралап, шығаратын өнімдерімен таныстық.
Жеке кәсіпкер «Қайсар» -да сотталғандар гипстен кәдесыйлар,балалар ойыншықтарын құйып жасап жатыр екен. Бірнешеуін қолымызға ұстап та көрдік, көлемі бала ұстап ойнауға ыңғайлы әрі зиянсыз жеңіл.
Күніне гипспен жұмыс жасайтын 6 сотталған 30-ға жуық әр түрлі көлемде бұйымдар шығарады. Адам өлтіру бабымен 9 жылға сотталған Алмас есімді сотталған гипстен мүсіндерді, ойыншықтарды жасаудың қыр-сырын жақсы меңгерген. Бостандықта суретші болып жұмыс жасаған Алмасқа сурет салу еш қиынға соқпайды.
Жаза мерзімінің аяқталуына әлі біраз жылы бар Алмастың тезірек отбасына оралып, анасымен, туыстарымен қауышуын тіледік.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

"Гипстен жасалатын ойыншықтарға көп заттың қажеті жоқ. Алдымен әр түрлі ойыншықтың қалыптарын дайындап аламыз. Толықтай және қалып дайын болған соң ең қызықты жұмыс кезі,ол гипсті құйып форма алу.Бұл үшін гипсті сумен араластырып сұйық аламыз да дайындаманың үстіне құйямыз.Осы кезде есте сақтап қалатын бір жайт бар,ол сумен арласқан гипсті 2-5 минут аралығында пайдаланбаса 10 минут аралығында қоюланып,ал 20-30 минут аралығында толықтай кебеді.Сумен араластырылған соң, гипс тез арада ұстасады және қатаяды. Гипстен жасалған бұйымдар толық кепкен соң аппақ күйінде қалдырамыз, өйткені сатып алушылар өздері оларды акварельмен және гуашпен қажетінше бояп ала алады. Қазіргі таңда мешіттің суретін гипспен қатыру арқылы жасап жатырмын. Бұл жұмысым да аяқталуға жақын қалды деп мешіт макетін көрсетті. Жұмысқа қажеттің барлығын мастеріміз жеткізеді. Біз тек тапсырылған жұмысты орындаймыз. Мүмкіндігінше тез сапалы жасап беруге тырысамыз. Осы жұмысы арқылы мемлекет алдындағы қарызымды да өтедім. Артылғанын анама, отбасыма жіберіп отырмын. Әр түрлі макеттерді дайындау арқылы ойлау қабілетіміз дамып, қиялымыз кеңейді. Гипспен жұмыс жасау өнері өте күрделі әрі шыдамдылықты талап ететін әдіс. Сондықтанда бұйым өте әдемі және қандай материалдан орындалғандығына карай бағаланады",- дейді сотталған Алмас.
Жаза мерзімінің аяқталуына әлі біраз жылы бар Алмастың тезірек отбасына оралып, анасымен, туыстарымен қауышуын тіледік.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД