Tөрт ер адам 18 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

1 538

Алматыда белгісіз біреулер қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап кеткен. Полиция тергеу жүргізуде, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қылмыс 17 қарашаға қараған түні болған. “Немолчи” қорының бсшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, жәбірленушіі қыз әпкесі мен оның досымен бірге дүкенге барған.


Қайтар жолда досы өзін нашар сезініп, көлік тоқтатқан, жүргізуші оларды жеткізіп тастайтынын айтқан. Әпкесі мен досы түскенде, жүргізуші оларға көлікте заттарын ұмытып кеткендерін айтты. Бойжеткен осы заттарды алмақ болғанда, жүргізуші оны итеріп, алып кеткен. Қазір қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз төрт жігіт зорлаған. Ол тергеудің баяу жүріп жатқанына шағымданды. Алматы полиция департаменті іс "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері"  бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

“Күдіктілердің бірінің жеке басы анықталды. Басқа күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде”,, – делінген хабарламада.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.