Шиеліде алаяқтық үшін сотталған әйелдің туыстары жазаны кейін қалдыруын сұрайды
Қызылордада алаяқтық жасап, бес жарым жылға сотталған 38 жастағы әйелдің туыстары Жоғарғы соттан көмек сұрайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюроға сілтеме жасап.
Аудандық және апеллияциялық алқа жаза тағайындарда сотталушының жүкті екенін ескермеген. Одан бөлек келіншектің әлі кәмелетке толмаған үш баласы бар екен. Сондықтан жақындары сотталушының жаза өтеу мерзімі кейінге шегеруді сұрайды.
Ұлданай Байқонысова сотталып кеткен соң, 4 жасар Хадиша мен 6 жасар Димаш анасынан ажырап қалды. Сотталушының әпкесі балалар қиналып қалғанын айтады. Олар бүлдіршіндерге анасының абақтыға отырғанын айта алмаған.
Қазір үш бала жұмыссыз нағашы әпкелерінің қолында тұрып жатыр. Кейде ұл-қыздарды әкелері үйіне алып кетеді екен. Сондай-ақ түрмеде отырған Ұлданай Байқонысова жүктіліктің 7-айында. Аудандық сот өкілдері сотталушының бірнеше саудагерді аса ірі көлемде шығынға батырып, алаяқтық жасағаны дәлелденген.