Оқушы қызды қатарластары соққыға жығып, қабырғасын сындырған

1 360

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comЖуырда Алматыдағы саябақта жасөспірімдер қыз баланы топ болып ұрып, қабырғасын сындырған. Полиция төбелескендерді тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Криминал Қазақстан» Telegram арнасында жасөспірім қыз баланы қатарластары топ болып, ұрып-соғып жатқан видео пайда болды.

Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің қабырғалары сынып, миы шайқалған.

Алматы полиция департаменті қазірдің өзінде Жетісу ауданында болған төбелеске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың да ата-анасы балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жауап берді ПД.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.