Журналист Гүлмира Әбіқай Оңтүстікте өтірік күйеуге тиіп, қалың мал әкелген соң "ғайып болатын" келіндер барын айтты
493
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал журналист Гүлмира Әбіқай өтірік күйеуге тиіп, артынан қалың мал әкелген соң түрлі сылтаумен "ғайып болатын" келіндер барын айтты,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы журналистің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
![]() |
"Өтірік күйеуге тиіп, артынан қалың мал әкелген соң түрлі сылтаумен “ғайып болатын” келіндер жайлы көп естідім. Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай келін-қашыратын жеңге - қуып келетін нағашы әпке үштігінен құрылған алаяқтық топ бары да жасырын емес.
Кезекті “келін” Ақерке. Қалың малын алып Аралдан Қазалыға аттанған құдалар қыз айтқан мекен-жайды таба алмайды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қаз
Рус