Оқушы қыздар төбелесіп, ата-аналары жауапқа тартылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Оқушы қыздардың төбелесі бейнеленген видео әлеуметтік желіде таралып, полиция департаменті қатысушыларды анықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төбелескен қыздардың 2011, 2012 және 2013 жылы туған жасөспірім екені анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.
Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлға профилактикалық есепке қойылған.
Қаз
Рус






