12 жастағы қызды көлік қағып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы қаласында Есеналиев көшесінің бойында 12 жастағы қызды көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға шамамен сағат 16:00-де болған. Қыз жаяу жүргіншілер жолағы арқылы өтіп бара жатқан кезде Hyundai Accent маркалы көлік соғып кеткен.
“Іздеу жұмыстарына әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Жәбірленушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Қаз
Рус






