12 жастағы қызды көлік қағып кетті

2 547

Фото: kharkov.comments.uaАлматы қаласында Есеналиев көшесінің бойында 12 жастағы қызды көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға шамамен сағат 16:00-де болған. Қыз жаяу жүргіншілер жолағы арқылы өтіп бара жатқан кезде Hyundai Accent маркалы көлік соғып кеткен.

“Іздеу жұмыстарына әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жәбірленушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.