БҚО-да қабылдау бөлімінде көз жұмған науқастың туысы жанайқайын айтты

403

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Денсаулық сақтау министріБатыс Қазақстанда науқастарды қабылдау бөлімінде жас келіншек көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр.


Айтуынша, Жұлдыз Мусина аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. ПТР тест алынғаннан кейін алты сағат қараусыз жатып қалған. 


Оны емдеуге ақ халаттылардың ешбірі асықпаған көрінеді. Таңертең түскен науқас кешкі сағат төртке дейін солай жатқан көрінеді. 

 
  "Менің 40 жыл еңбек өтілім бар. Бірақ мен мұндай дәрігерді көрген жоқпын. Олар ұмытып кеткен жоқ. Бұл жай ғана оған салғырт қарау! Тек олар ол жас, өлмейді деп ойлады. Аяғымен кеткен кісі ғой. Тек дәрігерлер дұрыстап түсіндірмеді, дұрыстап айтпады, сол үшін дұрыс моральді қолдау болған жоқ. Шок болды, шоктан жүрегі тоқтап қалды", - дейді марқұмның туысы Гүлайым Сәнімова. 


Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық ем-дом қабылданған алгоритмге сай жүргізілген. Жұлдыз Мусинаның ажалына не себеп болғанын анықтау үшін сот-дәрігерлік сараптама тағайындалған. 


"Бекітілген алгоритмге сай, науқастан қабылдау бөлімінде ПТР тест алынды. Тыныс алуы қалыпты болған соң сол жерде қалдырылды. Бірақ түнде жағдайы күрт нашарлап, дәрігер-реаниматолог тексерді. Аман алып қалуға тырысқанымызбен, марқұм түнгі 01.45 дүние салды",- дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы. 


Келіншектің артында екі баласы қалды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.