Ер адам бастығын өлтіріп, басы салынған пакетті көшеде алып жүрген

1 450

freepik.comЖетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақпанда патрульдік полиция қызметкерлері Қаратал ауданы Бастөбе ауылында пакетке адам басын салып алған мопед жүргізушісін ұстады. Ол 55 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты, ер адам жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады.


Олар ішімдік ішіп, жиында отырған. Сол кезде ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, мәйітті асхана пышағымен бөлшектеп, зиратқа апарғысы келген. Оның жалға алған үйін тінту кезінде марқұмның бірнеше сөмкеге салынған денесінің қалған бөліктері табылды. Марқұм 50 жаста болған.


"Полицейлер қыста мопедпен пакет арқалап жүрген ер адамға күдікпен қарап, оны тінтіген. Соның арқасында қылмыскерді ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.