"Ұлым әскерде борышын өтеп жатыр": Депутат сарбаздардың өлімін болдырмау үшін нақты шаралар қабылдауды талап етті
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар әскердегі сарбаздарға жасалатын қатыгездік оқиғаларына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәселені депутат Наталья Дементьева көтерді. Ол қазіргі уақытта ұлының да әскерде қызмет етіп жатқанын айтып, соңғы кездері әскери бөлімдерде сарбаздардың өлімі мен суициді жиілегенін атап айтты.
Ол сондай-ақ Қорғаныс министрлігінен нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев армияда психологиялық көмекті күшейту жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, қорғаныс ведомствосы жоғары оқу орындарындағы психологиялық әдістемелерді зерттеп, оларды әскери жүйеге бейімдеу мүмкіндігін қарастыруда.
Алайда, вице-министрдің жауабы Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның көңілінен шықпады.
Айта кетейік, соңғы аптада бірнеше қайғылы жағдай болды. Маңғыстау облысындағы Шекара қызметі департаментінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Алматы облысының Наурызбай ауданында шекарашы әскери қызметші менингококцемиядан көз жұмды. Жетісу облысында Десанттық-шабуылдау әскерінің сарбазы оқу-жаттығу кезінде атыс қаруынан жараланып, қаза болды. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, қызметтік тексерістер жүргізілуде.